Stadler компаниясы Қазақстанда қосқабатты вагон жасамайды – Жолаушылар тасымалы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов Stadler компаниясының Қазақстан нарығына қанша вагон жеткізетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Stadler компаниясымен 537 вагон жеткізу бойынша келісімшарт жасастық. Бұл вагондардың өндірісі осында, Қазақстанда – «Тұлпар» зауытының базасында іске асады. Қазір зауыт Stadler деп аталады. Яғни, Stadler компаниясы «Тұлпардың» зауытын сатып алды. Екі жылдың ішінде зауытты жаңғырту жұмыстары жүргізеді. Қазір зауытты өз вагондарны шығаруға дайындап жатыр. 2025 жылдан бастап 2030 жылға дейін Stadler вагондары жасалып, жеткізіле бастайды», - деді ол БАҚ өкілдеірмен өткен брифингіде.

Айтуынша, Stadler Rail мен «Қазақстан темір жолы» арасындағы келісімшартта әйгілі швейцариялық қосқабатты вагон құрастыру мәселесі көзделмеген.

«Әзірге қосқабатты пойыздар тұжырымдамада жоқ. Қалыпты, бірқабатты вагондар болады. 537 вагон деп отырғанымыз осы», - деді Жәнібек Тайжанов.


Соңғы жаңалықтар