Стационарда туберкулезден емделіп жатқан науқастар арасында коронавирус тіркелген жоқ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туберкулезді емдеу стационарларында құрт ауруымен ауыратындар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «КВИ кезінде асқынулардың алдын алу» атты онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қуанышымызға орай, кішкентай балаларда коронавирус ауруы симптомсыз өтеді, сондықтан олар ауырса да жеңіл ауырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ең бастысы – жалпы профилактикалық шараларды қолдану. Мысалы, санитарлық гигиенаны сақтап, қолды сабынмен жуып, бөлмені желдетіп тұру керек. Сабын коронавирус инфекциясын жуып-шайып кетеді. Маска тағып, таза ауада серуендеу сияқты ең қарапайым профилактикалық шараларды қолдана білу керек», - дейді Ұлттық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Ләззат Ералиева.

Оның айтуынша, туберкулезді емдейтін жерлерде коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Ондай мекемелерге туберкулезбен ауыратын науқастар емдеуге жатқызылып жатыр. Жоспарлы түрде жатқан кезде науқас ПТР тест тапсырып барып жатады. Туберкулезді емдеу стационарларында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар