«Спутник V» вакцинасы ІІ-компонентінің тапшылығы жоқ – Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде «Спутник V» вакцинасы ІІ-компонентінің тапшылығы жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдері министрге «Спутник V» вакцинасы ІІ-компонентінің тапшылығы Алматы қаласында бар екендігін айтқан болатын.

«Бүгінде Қазақстанда екінші компонентің 1 млн 200 мың дозасы бар. Ол еліміздің барлық өңірінде жеткілікті. Қазір ғана әріптестерім Алматыда екінші компоненттің 36 мың дозасы бар екендігін айтып отыр. Бұған қоса, Қарағанды фармацевтика дауысы да жеткізіп жатыр. Ол да шығарады және вакцинаны кестеге сай алып жатырмыз. Қазақстанда екінші компонент бойынша үзіліс еш уақытта болған емес. Оны барлық уақытта алуға болады», - деді министр.

Сонымен қатар ол «Спутник V» вакцинасы ІІ-компонентінің тапшылығы еш уақытта болмағандығын баса айтты.

«Бізде барлық кестесі бар. Толықтай алғанда, Алматыда еш уақытта екінші дозада үзіліс болған жоқ. Жалпы, Қазақстанда тәулігіне 800 мың дозадан төмендеген емес», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар