«Спутник V» әзірлеушілері мұсылмандарға вакцинаның халал екендігін айтты

None
None
МӘСКЕУ. НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей мұсылмандары діни басқармасы Спутник V вакцинасын жасаушылардан оның құрамы туралы ақпарат алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, оларда мұсылмандар үшін тыйым салынған ештеңе жоқ, деді Ресей Федерациясы Мұсылмандар діни басқармасының төрағасының орынбасары, мүфти Ильдар Аляутдинов. Бұл туралы ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін мұсылмандарды жаңа вакцина компоненттерінің халалдыққа сәйкестігі ойландырған болатын. Әсіресе оларды өндіріс процесінде шошқа желатинін қолдану алаңдатты. Бұған дейін Татарстан мүфтиятында хабарлағандай, егер ол қандай да бір түрде қолданылса, онда вакцина жарамсыз, ал оны мұсылмандардың пайдалануын дін мамандары шешуі керек.

«Әзірлеушілерден жауап келді. Шошқа желатині жоқ, адамның құрамдас бөліктері (жасуша желісі) де жоқ. Біз Ислам тұрғысынан тыйым салынған нәрсе жоқ деп айта аламыз», – деді Аляутдинов.

Оның айтуынша, әзірлеушілерге вакцинаның құрамы туралы сұрақтар қойылды және келесі аптада вакциналарды әзірлеумен айналысатын ғылыми институттардың өкілдері мен дін мамандарының бірлескен отырысы жоспарлануда.

«Сонымен қатар біз діни-құқықтық қорытынды – пәтуә дайындаймыз», – деп түсіндірді мүфти.

Айта кетейік, дәл осы сауал кеше Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрлері Ажар Ғиният пен Ерлан Қиясовқа қойылған болатын.



Соңғы жаңалықтар