«Спутник V» ағзаның вирусқа толыққанды иммунды қарсылығын қалыптастырады – А.Гинцбург

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Коронавирус инфекциясына қарсы вакцина ұзақ уақыт бойы осы індетті жұқтыру қаупін жояды.

Қазақстандық тілшілерге берген сұхбатында Ресейдегі Н.Ф.Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург осылай деді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Александр Гинцбургтың айтуынша, «Спутник V» вакцинасының жағымсыз әсері көптеген елдегі ұлттық күнтізбеде тізілген басқа вакциналардың жағымсыз әсерінен еш ерекшеленбейтінін айтады. Оның бәрі де препараттың нұсқаулығында жазылған.

«Атап айтқанда бұл вакцинаны салдырған адамның дене қызуы бір жарым немесе екі күн бойы 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Ине салынған жер де сонша уақыт ауырсынуы ықтимал. Бұлшық ет пен бас ауырады. Алайда мұның бәрі де температурамен бірге жоғалады. Егер адам вакциналаудан кейін өзін жайсыз сезінсе, әдеттегідей бір таблетка парацетамол қабылдап, тынышталуына болады. Мұндай жағымсыз әсерді жалпы вакцина алғандардың 15-16 пайызы сезінуі мүмкін, қалған 85 пайызы ешқандай жайсыздықты сезінбейді», - деді орталық директоры.

Ол сонымен қатар Н.Ф.Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығы коронавирусқа қарсы вакцинаны 2020 жылы әзірлеп қойғанын атап өтті. Сонымен қатар антиденелер туралы сөз қозғаған Александр Гинцбург адам коронавируспен ауырып болған жағдай – вакциналаудан кейінгі жағдайдан мүлде бөлек екенін жеткізді.

«Бұл бір-біріне мүлде ұқсамайтын жағдайлар. Адам коронавируспен жеңіл жағдайда ауырса, дәрігерге жүгінбеуі мүмкін. Алайда мұндайда оның бойындағы антиденелер ұзаққа бармайды. Ал адам коронавирустың ауыр түрін өткерсе, өкпесі ішінара зақымдалып, дене қызуы көтерілсе, оның бойында едәуір антидене пайда болады. Бірақ кейінгі зерттеулер көрсетіп отырғандай, мұндай жағдайдағы адамдардың 15-16 пайызының ағзасында антиденемен бірге интерферон секілді белоктар пайда болатынын көрсетіп отыр. Ал интерферондар антиденелерді ығыстырады. Сол себепті індеттің ауыр түрін өткергендерде ұзақ мерзімді тіндер пайда болады деуге келмейді. Әлемдегі оқиғалар адамдардың коронавирустың ауыр түрін қайта өткеруі мүмкін екенін көрсетіп отыр», - деді ол.

Ол сонымен қатар «Спутник V» препаратын 18-ден 60 жасқа дейінгі адамдарға егуге болады. Алайда қазірдің өзінде вакцина сынағынан 80 жасқа дейінгі егде адамдар да өтіп жатыр.

Ғалым сонымен бірге орталықтың мамандары антиденелерді тудыратын ғана емес, ағзадағы вирустардың көбеюуіне жол бермейтін препараттарды да дайындап жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыс РФ Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тапсырмасынан кейін басталады.


Соңғы жаңалықтар