Спринтерлік көпсайыстан Әлем чемпионаты: Екатерина Айдова үздік бестікке енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландының Херенвен қаласында өтіп жатқан спринтерлік көпсайыстан Әлем чемпионатында қазақстандық Екатерина Айдова 5-ші орыннан көрінді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарыс ережесі бойынша спортшылар 500 және 1000 метрді екі реттен жүгіріп өтуі тиіс. Бірінші жарыс күнінен соң сегізінші орында тұрған Айдова жалпы есепте бесінші орынға көтерілді.

Спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионы атағын жапониялық Нао Кодайра жеңіп алды. Күміс жүлде тағы бір жапондық спортшы Михо Такагидің еншісінде. Қола медальді америкалық Бритни Боу иеленді.

Olympic.kz сайтына сұхбат берген Екатерина Айдова Еуропадағы бұл жарыс жылдамдықтың тым жоғарылығымен есте қалғанын айтты.

«Херенвенде Әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Бұл екі күн мен үшін күреске толы болды десем, артық емес. Мұндағы жарыс конькишілердің жоғары нәтижесімен, жоғары секундтармен ерекшеленеді. Менің де ойдағыдай көрсеткішке қол жеткізгенім қуантады. Өйткені, маусым сәтті бастала қоймаған. Енді өз әлеуетімді көрсетіп, алғашқы бестікке еніп отырмын. Жүлделі орынға іліккенімде жақсы болар ме еді?! Әрине, алда әлі талай жұмыс күтіп тұр. Жетілдіретін, үйренетін тұстарым көп. Маусым әлі жалғасуда. Екі аптадан соң АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында әлем кубогінің финалдық кезеңінде бақ сынаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар