Спорттық жүрістен әлем чемпионатына қатысатындар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Спорттық жүрістен Қытайдың Тайцан қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Жеңіл атлетика федерациясы сайтының мәліметінше, әлем чемпионаты 5-6 мамырға жоспарланған. Қазақстан сапынан 8 спортшы барады. Ерлер арасында Батыс Қазақстан облысының тумасы Георгий Шейко мен алматылық Виталий Терехин өнер көрсетеді. Екеуі де 20 шақырымда бақ сынайды. 1999 жылдан бері туған бозбалалар арасындағы 10 шақырымдық жүрісте Ахмеди Кахраманов (ОҚО) барады.

Әйелдер арасындағы 20 шақырымдық қашықтықта Диана Айдосова (Алматы), Регина Рыкова (ОҚО, Галина Якушева (ШҚО) бар.

Бойжеткендер арасындағы 10 шақырымдық жүрісте 18 жастағы Екатерина Шлыкова мен 17 жастағы Валентина Залевскаяға сенім артылып отыр. Екі спортшы да Алматы қаласынан.

Айта кетейік, Геогрий Шейко биыл 18 наурызда Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған болатын. Екатерина Шлыкова 7 сәуірде Чехияның Подебрады қаласында өткен халықаралық турнирде 10 шақырымдық жүрісте екінші орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар