Спорттық құзға өрмелеуден Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы «қола» алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық құзға өрмелеуден Индонезияның Богор қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы эстафетадан жүлдеге ілікті деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы эстафетадан қола жүлдегер атанды. Ерлер командасы сапында Әмір Маймұратов, Роман Костюков және Ришат Хайбуллин сынға түскен болатын.

Алтын және күміс медальді Индонезия құрамасы иеленген. Қыздар командасы қатарында Әсел Марленова, Тамара Улжабаева және Маргарита Агамбаев бақ сынады. Қыздар құрамасы да Индонезияға жол берді.
Соңғы жаңалықтар