+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Спорттық құзға өрмелеуден Әлем чемпионаты: Ришат Хайбуллин «қола» еншіледі

2019 жылғы 21 тамыз 17:56
Бөлісіңіз:
Спорттық құзға өрмелеуден Әлем чемпионаты: Ришат Хайбуллин «қола» еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Спорттық құзға өрмелеуден Жапонияның Хатиодзи қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында қазақстандық Ришат Хайбуллин қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ришат Олимпиада лицензиясы таратылатын «көпсайыс» бағдарламасы бойынша әлемдегі үздік үш спортшының қатарына еніп отыр. Көпсайыс қатарына боулдеринг, жылдамдық және қиындық бойынша жарысу енген.

«Жылдамдық» бойынша Ришат ең үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орыннан көрінді. Ол 5.915 секундта берілген қашықтықты жүріп өтіп, әлем рекордын жаңартуға бір қадам жақындады.

«Боулдеринг» бойынша Хайбуллин сегізінші орын алса, ең шешуші кезең саналатын «қиындықта» бесінші орыннан көрінді.

Жарыс нәтижесінде үш кезеңдегі ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталған.

Ришат Хайбуллин Олимпиада лицензиясымен бірге әлемдік сынның қола жүлдесін иеленіп отыр. Алтын медальді Жапония өкілі Томоа Нарасаки, күміс жүлдені австриялық Якуб Шуберт иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан спортшылары әлем біріншілігінен жүлде алмаған. Сондай-ақ, Ришат аталған Әлем чемпионатының финалында өнер көрсеткен ТМД елдерінің жалғыз өкілі.

Ришат Хайбуллин Әлем чемпионатының қола жүлдесімен бірге Олимпиада жолдамасына ие болғанын естеріңізге саламыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT