Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: Нариман Құрбанов «алтын» алды

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат – Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан Бакуде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткендей, отандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда жалпы 14.633 ұпай алды.

Екінші орынды Албания спортшысы Матвей Петров, үшінші орынды француз Томмасон Сириль иеленді.

Еске салайық, бұған дейін аталған турнирде қазақстандық тағы бір атлет Милад Карими күміс жүлде алған болатын.


Соңғы жаңалықтар