Спорттық арбитраждық сотта қазақстандық ауыр атлеттерді спорттан шеттету мәселесі қаралады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан, Беларусь және Ресей ауыр атлет федерациялары қаңтар айының соңында Лозаннадағы Спорттық арбитраждық сотына (CAS) қатысады. Бұл сотта ауыр атлеттерді бір жылға спорттық іс-шаралардан шеттету мәселесі қаралады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

CAS сайтында жарияланған хабарлама бойынша, Ресей ауыр атлет федерациясының Спорттық арбитраждық сотындағы тыңдалымы 26 қаңтарда, ал Қазақстан мен Беларусь тыңдалымы - келесі күні, яғни 27 қаңтарда өтеді.

Еске сала кетейік, IWF атқару комитетінің қабылдаған қаулысына сәйкес, егер 2016 жылдың 22 маусымында 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиаданың допинг-сынамасын қайта тексергенде үш не одан көп оң нтәиже табылса, осы спортшыларды ұсынған ұлттық федерациялар бір жылға дейін ойыннан шеттетіледі.

2008 жылғы олимпиада ойындары сынамаларын қайта тексеру нәтижесі бойынша Қазақстанда, ауыр атлетшілер Илья Ильин («алтын»), Ирина Некрасова («күміс»), Мария Грабовецкая («қола») медальдарынан айырылды. 2012 жылғы Олимпиада ойындарының алтын медальдары Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова мен Зульфия Чиншанлодан қайтарылып алынды.

Соңғы жаңалықтар