USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Спортшының өлімінен кейін ауыр атлетика құрамасының аға бапкері қызметінен шеттетілді

2021 жылғы 29 қыркүйек 15:30
Бөлісіңіз:
Спортшының өлімінен кейін ауыр атлетика құрамасының аға бапкері қызметінен шеттетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерация құраманың бұрынғы мүшелері бапкерлік штабты айыптау туралы істі тергеу аясында комиссия құрылатынын мәлім етті.

Оған сарапшылар мен спорт ардагерлері енеді.

«Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жай анықталғанға және қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін ҚР ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Алматы облыстық полиция департаменті ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Осыған байланысты ААФ тергеуге қажетті барлық қолдауды көрсетуге ниетті.

Қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT