+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

2021 жылғы 1 наурыз 12:32
Бөлісіңіз:
Спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматылық спортшылар, этномәдени бірлестік және бизнес өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Шотландия тең түсті Футболдан Еуропа чемпионаты: Хорватия мен Чехия тең түсті

Тұрғындарды құттықтаған бейнетүсірілім Алматыдағы Бостандық аудандық әкімдігінің Instagram парақшасында жарияланды. Онда әр ұлттың өкілдері лебіздерін білдірген.

«Өткен ғасырдың 30-шы жылдары Батыс Украинадан жер аударылып келген поляк аталары мен апалары осы Қазақстанда өздеріне пана тапқан. Қазақ ағайын қанатының астына алған. Сол жасаған жақсылықтары үшін барлық қазақстандыққа алғысымды білдіремін. Жер аударып келген поляктарды бауырларына басып, жаңа Отан, жаңа ел, жаңа жерді сыйлағандары үшін», -деді «Вензы» поляк мәдени орталығының өкілі.

Бүгінгі мерекеде халықаралық және республикалық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Нарман Құрбанов халқына, ұстаздарға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді. Бостандық аудандық әкімдігі алғыс айту күнін-бейбітшілік пен келесім, сыйластық пен құрмет күні деп атады.

«Денсаулық сақтау саласына, індеттің жайылып кетуіне тосқауыл қойған әрбір жанға алғыс білдіремін. Сіздерге мың алғыс! Барлығыңызға денсаулық, амандық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін», - қодеді әкімдік мамандары. Бұған дейін Бақытжан Сағынтаев қалалықтар атынан дәрігерлерге, мұғалімдерге, полиция мамандары мен еріктілерге алғысын білдірген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT