Спортшыға Лондон Олимпиадасының қоласы он жылдан соң бұйырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Олимпиада жеңімпазы Дәулет Шабанбаймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол еркін стильдегі қазақстандық палуанды лайықты марапаты – «Лондон-2012» қола медалімен құттықтады.

«Мен барша қазақстандықтарды ел қоржынына түскен Олимпиаданың қола медалімен құттықтаймын. Спортшымыз жүлдегер атанды, 10 жылдан кейін медаль алды және бұл өте маңызды оқиға. Әділдік салтанат құрды, бабы келіскен батырымыздың кәсібилігінің арқасында бағы жанды», - деп жазды Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ, Дәулет Шабанбайға 65 000 $ көлемінде мемлекеттік сыйақы төлеу туралы шешім қабылданды. Бұрын ол 10 мың доллар алған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Олимпиада комитеті допинг қолданғаны үшін Өзбекстан чемпионы Артур Таймазов пен Грузия чемпионы Давид Модзманашвилиді Олимпиададан шығару туралы шешім қабылдады.

Олимпиада жүлделерін қайта бөлу нәтижесінде біздің спортшы қола медальға ие болды.


Соңғы жаңалықтар