+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Спорт журналистикасының абызы Диас Омаров өмірден озды

2020 жылғы 5 шілде 11:06
Бөлісіңіз:
Спорт журналистикасының абызы Диас Омаров өмірден озды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең қазақстандық танымал спорт журналисі және комментатор Диас Омаров өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Диас Омаров 1940 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімшесінде білім алған. 1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан «Хабар» телеарнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеген.

«Диас ағаның өмірден озғандығы туралы қайғылы хабар тосыннан болды. Өйткені, жасы біразға келгеніне қарамастан ол спорттық өмір салтын ұстанып және де аптасына бірнеше рет көптеген достарымен бас қосып, сүйікті футболында доп қуалайтын еді. №1 спорттың көптеген жанкүйерлері оны футболдың арқасында білді.

Диас Омаровтың әкесі - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс жылдарында ең жас сауда халық комиссары, кейінен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы және Мәдениет министрі болған, ашқұрсақ балалық шақты бастан кешірген Ілияс Омаров балаларының шымыр болып өскендігін қалап, үлкен ұлын футболға алып келген екен», - деп еске алады Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаров.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT