Спорт шеберлерінің Әлем чемпионаты: Маңғыстаулық самбошы «алтын» алды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Кипрде спорт шеберлері арасында өткен самбодан Әлем чемпионатында маңғыстаулық Манарбек Бисекенов «алтынды» қанжығалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

18-22 қазан аралығында Лимосол қаласында самбодан спорт шеберлері арасында (40-44 жас) Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 37 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетуде.

Маңғыстау өңірінен 4 спортшы бақтарын сынады. Олардың арасында «Жас батыр» спорт мектебінің директоры, самбодан спорт шебері Манарбек Бисекенов алтын медальға ие болды.

74 келі салмақта өнер көрсеткен ол алғашқы кездесуінде француз палуанын «ауырту» әдісімен таза ұтқан.

«Екінші кездесуімді Ресей палуаны, КСРО, Еуропа чемпионы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері Лигиз Шагиевпен өткізіп, оны 2:1 есебімен жеңдім. Финалдық белдесуде КСРО чемпионы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы болған Алексей Мешавкинді 5:1 есебімен тізе бүктірдім. Осылайша, «алтыннан» алқа тағып, жеңімпаз атандым», - деді «Жас батыр» спорт мектебінің директоры Манарбек Бисекенов.

Соңғы жаңалықтар