Спорт мектептері жаттықтырушыларының апталық жүктемесі төмендетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Спорт мектептері жаттықтырушыларының апталық жүктемесі төмендетіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық база заманауи инновациялық және интеграциялық процестер талаптарына толығымен сай келмейді, саланың шынайы қажеттілігін ескермейді. Сондықтан бұл бағытта министрлік заңнамалық актілерге түзетулер енгізу жұмысын бастады», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, заң жобасы аясында кәсіби спортты қаржыландыру мәселелерін реттеу, спорт мектептері жаттықтырушы-оқытушыларының нормативтік оқу жүктемесін аптасына 24 сағаттан 18 сағатқа дейін төмендету жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, «біздің барлық күш-жігеріміз қазақстандықтар өмірінің қауіпсіз әрі барынша сапалы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс». Осы тұрғыда біз спортшыларды, бапкерлерді әлеуметтік қорғау, мүмкіндігі шектеулі спортшыларға жағдай жасау және өзге де мәселелерді қозғаймыз. Заң жобасын жылдың соңына дейін Парламентке енгізу қажет», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар