+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі

2020 жылғы 22 қыркүйек 14:18
Бөлісіңіз:
Спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Adaldyq alany жобалық кеңсесінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы спорт мекемелерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті Жұртшылықтың белсенді қатысуынсыз жемқорлықты жою мүмкін емес - Расул Медетов «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясына қатысушыларға 4 млн теңгеден астам сыйақы төленді

Кездесуге Мəдениет жəне спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат төрағалық етті. Ал оған Adaldyq alany жобалық кеңсесінің Мəдениет жəне спорт министрлігі бойынша жетекшісі Марат Камзолдаев, министр кеңесшісі Мерген Дүйсенов, Adaldyq alany кеңсесінің өкілі Айгүл Сақтағанова жəне Нұр-Сұлтан қаласындағы спорт ұйымдарының басшылары қатысқан.

Ведомство мәліметінше, Adaldyqalany жобалық кеңсесінің жетекшілігімен министрліке бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Мәселен, биыл маусым мен тамыз айларында жобалық кеңсе қызметкерлері министрлікке бағынысты оқу орындарындағы емтихандарға қатысып, мəдениет жəне спорт саласындағы колледждерді аралаған. Сонымен қатар сəуір мен маусым айларында министрлікке бағынысты оқу орындары базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит тексерісінің негізгі кезеңі жүргізілген.

«Аталған тексеріс барысында кейбір сыбайлас жемқорлықтың пайда болу жайттары мен жұмыс барысындағы келеңсіздіктер анықталды. Нəтижесінде жобалық кеңсе мамандары кеңестерін айтып, ескертулер жасады. Енді министрлікке бағынысты спорт мекемелері базасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі. Бұл аудиттің мақсаты - коррупция қаупін азайту, мекемелердің қызметіндегі жариялықты қамтамасыз ету», - деді министрліктен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT