Спорт комитеті Шымкенттегі чемпионат жөніндегі дауға қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Шымкент қаласында ITF таеквондодан клубтық Азия чемпионатын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомствода хабарланғандай, бүгінгі күні елімізде таеквон-до ITF спорт түрін елде және халықаралық деңгейде ұсынуға құқығы бар, яғни осы спорт түрін дамытумен айналысатын республикалық аккредиттелген спорт федерациясы жоқ.

Бүгінгі күні «Қазақстан Республикасының Таэквон-до ITF федерациясы» ҚБ қызметі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 121 бұйрығымен бекітілген қағидасы негізінде алты ай өткен соң аккредиттеу туралы куәлікті тоқтатуға негіздеме болған себептердің жойылмауына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ, Ұлттық Олимпиада комитетінің «Таеквондо ИТФ» спорт түрі бойынша осы федерацияны танудан бас тарту туралы хатына байланысты комитет «Қазақстан Республикасының Таэквон-до ITF федерациясы» ҚБ аккредиттеу туралы куәлігін қайтарып алу туралы бұйрық шығарды», - делінген Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарламасында.

Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін федерациялар жарыс регламентін Мәдениет және спорт министрлігімен, сондай-ақ жаңадан құрылған «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен келісуі қажет.

«Бұл жағдайда Азия чемпионатын өткізу туралы келісім болған жоқ. Жоғарыда баяндалғанға негізделгенде, А.Т. Аманжолов басқаратын «Таэквон-до ұлттық спорт федерациясы (ITF)» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласында өткізген таеквондодан клубтық Азия чемпионаты заңды емес», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар