Спорт істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларының ісі сотқа жолданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Спорт істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларының ісін сотқа жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ведомствоның аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларына қатысты тергеуді аяқтады. Олардың бірі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тағы біреуі спорт нысандары бойынша актілерге қол қойғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде іс сотқа жолданды», - деді Данияр Бегайдаров.


Соңғы жаңалықтар