Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 12 °С
USD 328.95 EUR 386.38
RUB 5.27 CNY 51.50
Жаңалықтар

Спорт федерациялары ҚР ҰОК тарапынан танылу сертификаттарын алды

2017 жылғы 5 сәуір 07:51 1704
Бөлісіңіз:
Спорт федерациялары ҚР ҰОК тарапынан танылу сертификаттарын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерінен қазақстандық федерациялар ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің жаңа үлгідегі танылу сертификаттарын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰОК Бас директоры Серік Қасқабасов салтанатты жағдайда Қазақстандық велосипед спорты федерациясына, «Қайық» федерациясына, Киокушинкай-кан каратэ республикалық ұлттық федерациясына, «Жекпе-Жек» ұлттық спорты федерациясына және NOMAD MMА федерациясына сертификаттарды табыстады.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің федерацияны тану туралы сертификаты - Қазақстанда аталған спорт түрін дамыту бойынша федерацияның нақты, шынайы және ұзақ мерзімді жұмыс атқарып жатқандығын растайтын құжат.

Федерацияда Ұлттық Олимпиадалық комитетімен танылуы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде салалық аккредитациялаудан өту тәртібінің бір шарты болып табылады. Және федерацияға спорт түрін Қазақстан Республикасы аумағында дамыту құзыреттілігі беріледі.

Айта кетейік, жаңа үлгідегі танылу сертификаттарын бұған дейін Қазақстан бокс федерациясы, грек-рим, еркін және        әйелдер күресі федерациясы, Қазақстан таеквондо (WTF) федерациясы, дзюдо федерациясы, Қазақстан Республикасы су спорты түрлері федерациясы, Қазақстандық шайбалы хоккей федерациясы, ауыр атлетика федерациясы, ҚР қазақ күрес федерациясы, муайтай федерациясы, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР ат спорты федерациясы, республикалық кёкусин-кан каратэ-до федерациясы, ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығы алған болатын. 

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Күнсұлтан Отарбай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат