+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Спорт бойынша сыныптан тыс сабақ жүргізген мұғалімдерге қосымша ақы төленбек

2020 жылғы 24 ақпан 11:30
Бөлісіңіз:
Спорт бойынша сыныптан тыс сабақ жүргізген мұғалімдерге қосымша ақы төленбек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізу іске асырылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің 2020 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заңның және бұқаралық спортты дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді. Дене шынықтыру мен спортты дамыту, сондай-ақ дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың санын арттыру мақсатында бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделген», - деп тоқталды министр Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында.

Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтары және дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің желісін кеңейтуді, білім берудің барлық деңгейлерінде дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонентті енгізуді іске асыру ескерілген.

Сонымен қатар, дене шынықтыру және спорт бойынша сыныптан тыс сабақтарды жүргізгені үшін мұғалімдерге қосымша ақы енгізу, халықпен жұмыс істеу үшін спорт нұсқаушыларын штаттық бірліктермен қамтамасыз ету қарастырылған.

Мұнымен қоса, оқушылар арасында дене шынықтыру мен спорты танымал ету арқылы спорттық жарыстар санын арттыру шаралары жүзеге асырылмақ.

«Заң жобасы дене шынықтыру және спортпен айналысу арқылы халықтың салауытты өмір салтына ұмтылысын қалыптастыруды көздейді», - деді А. Райымқұлова.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, заң жобасын Парламентттің қарауына 2020 жылғы сәуір айында енгізу жоспарланып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT