SpaceX компаниясы Crew Dragon кемесімен төрт ғарышкер ұшырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - SpaceX америкалық компаниясы сәрсенбі күні Crew Dragon кемесімен зымыран-тасығыш ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) төрт ғарышкер жіберген. Трансляция АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) сайтында жүргізілуде.

Falcon 9 зымыран-тасығышы Канаверал (Флорида штаты) ғарыш айлағынан АҚШ уақытымен 03:55-те ұшқан. Freedom (Бостандық) деген атау берілген кеме экипажыны NASA астронавттары – Челл Линдгрен, Роберт Хайнс және Джессика Уоткинс, Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) өкілі, итальяндық Саманта Кристофоретти кірген. Ғарышкерлер 200-ден астам ғылыми тәжірибе жүргізеді деп күтілуде.

«Бостандық» ХҒС-пен 28 сәуір күні 20:15-те түйіседі. Бұл – NASA-ның SpaceX-пен ынтымақтастығы аясында ХҒС экипажының америкалық тараптан төртінші ротациясы.

Линдгрен, Хайнс, Уоткинс және Кристофоретти орбитада америкалық әріптестері Раджу Чари, Том Маршберн және Кайла Бэррон және Маттиас Маурерді алмастырады.


Соңғы жаңалықтар