SpaceX компаниясы Айға ұшатын алғашқы туристі таңдады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - SpaceX компаниясы ғарыш кемесімен Айды айнала ұшатын алғашқы туристі таңдады. Бұл жөнінде бейсенбі күні SpaceX сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«SpaceX бізге тиесілі BFR (Big Falcon Heavy) көлік құралының бортында Айды айналып ұшатын әлемдегі алғашқы жеке жолаушысын таңдады. Бұл ғарышта саяхаттауды армандайтын адамдар үшін зор мүмкіндіктерді ашады», - деп мәлім етті Илон Маск басшылық ететін компаниядан. 

Алғашқы ғарыштық турист жайында және өзге де мағлұматтар алдағы дүйсенбіде, 17 қыркүйекте белгілі болады. 

Соңғы жаңалықтар