+7 (701) 759 90 19
USD 418.41 EUR 507.95
RUB 5.69 CNY 64.76
Jańalyqtar

Space X компаниясының 60 спутнигін ұшыру кейінге шегерілді

2020 жылғы 23 қараша 12:10
Бөлісіңіз:
Space X компаниясының 60 спутнигін ұшыру кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23 қарашаға жоспарланған Starlink ғаламдық интернет желісі спутниктерінің жаңа партиясын ұшыру кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл туралы Канаверал мүйісінен жасалған тікелей эфир кезінде белгілі болды.

Space X компаниясы әлеуметтік желілердегі хабарламасында жағдайды былай түсіндірді:

«Біз Starlink миссиясын бүгін іске қоспауды ұйғардық. Зымыран мен жүктемеде ақау жоқ, тек қосымша уақытты командалар деректерді талдауды аяқтауға пайдаланады. Қазір ауа райының қалпына келуін ескере отырып, ол 23 қараша сағат 21:34-те ұшырылады».

Бұл Нұр-Сұлтан уақытымен 24 қараша күнгі 08:34-ке тұспа-тұс келеді. SpaceX арнасында ұшырылымды тікелей эфирде көрсету әлі де жоспарда бар.

Starlink – SpaceX компаниясы интернет сенімсіз, қымбат немесе мүлдем жоқ жерлерде жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін ғаламдық спутниктік жүйе.

Жобаны әзірлеу 2015 жылы басталды. 2017 жылы SpaceX 2020 жылдардың ортасына қарай Жер орбитасына шамамен 12000 спутникті ұшыруға арналған нормативтік құжаттарды ұсынды.

SpaceX 2020 жылы АҚШ-тың солтүстігінде және Канадада, ал 2021 жылға қарай бүкіл әлемде коммерциялық Интернетке қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Жобаны іске асыру үшін инвестицияның жалпы сомасы $10 млрд-қа бағаланады.

SpaceX сондай-ақ осы жүйені пайдаланатын спутниктерді зерттеу және ғылыми мақсаттар үшін сатуды жоспарлап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT