+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Созақтық бағбандар қауын-қарбыздарын Ресейге саудаламақ

2019 жылғы 21 тамыз 14:12
Бөлісіңіз:
Созақтық бағбандар қауын-қарбыздарын Ресейге саудаламақ

СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Созақ ауданының бағбандары қауын-қарбыздарын экспортқа шығаруды жоспарлап отыр. Шаруа қожалықтары бірігіп, 600 тоннадан астам өнімді Ресейге саудаламақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданын дамыту жобаларын тексерді Жамбыл және Әндіжан облыстарының шаруалары тәжірибе алмасуда Павлодарда жастар қарбыз жеуден жарысты

Диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін егіп, оның 40 гектарына қауын өсірді. Қалған 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған.

Айта кетейік, оңтүстік өңірінің теріскейі саналатын ауданда бақша өнімдерін өсіру енді ғана қолға алынып келеді. Қысы қатал болатын өңірде тұрғындар негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Түйе бағып, оның сүтін өндіреді. Ал бау-бақша ұстап, одан өнім алуды Созақ ауылының шаруалары ғана жүзеге асыруда. Аталған ауылда 2020 жылға тағы 3 шаруа қожалығы бақша өнімдерін өсірмек. Өйткені дайын өнімге жергілікті тұрғындардан да сұраныс артқан.

Еске салайық, созақтық бағбандар өткен жылы да қауын-қарбыздарын экспортқа шығарған болатын. Сөйтіп мол табысқа кенелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT