Созақтағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды

None
None
СОЗАҚ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Созақ ауданындағы уран өндіруші компанияның 90 жұмысшысынан коронавирус анықталды. Бұл туралы өңірдің бас санитар дәрігері Нұрбек Нышанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрбек Нышановтың айтуынша, қазіргі таңда аталған кәсіпорынның «Мойынқұм» мен «Төртқұдық» өндірістік учаскелерінде карантиндік режим күшейтілген. 600-ден аса қызметкер арнайы медициналық тексеруден өткізілген. Өңірде жыл басынан бері 335 адам COVID-19 жұқтырса, мамандар көрсеткіш күн санап артып отырғанын айтады. Мәселен, оқу жылы басталғалы бері мектеп оқушылары арасында 79 індет жұқтыру жағдайы анықталып, науқастардың басым бөлігі онлайн оқу кезінде жұқтырғаны белгілі болған. Ұстаздардың арасында да індетке шалдыққандары тіркелген. Облыста вирусты әсіресе отбасыда жаппай жұқтыру деректері көбейген.

«Мақтаарал ауданында бір жанұяда бес немесе үш адам вирус жұқтырған жағдай болды. Ондай жағдай сондай-ақ, Сайрам және Сарыағаш ауданында да тіркелді. Бұл науқастардың барлығы есепке алынып. дәрігерлік бақылауға алынған. Үй жағдайында карантинге алынды.


Соңғы жаңалықтар