Созақта соғыс ардагерлеріне автокөліктер сыйға тартылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында  Жеңіс күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.  Аудан жұртшылығы «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әруақтарға құран бағыштады, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік шарада аудан әкімі Салыхан Полатов 6 соғыс ардагеріне  су жаңа автокөліктердің кілтін табыстады. Одан бөлек, майдангерлерге уран өндіретін «Катко», «Инкай» компаниялары қаржылай сыйлықтар ұсынды.  Мереке күндері  тыл және ауған соғысы ардагерлеріне, Чернобыль апатына қатысушыларға да аудандық бюджеттен қаржылай сыйлықтар тапсырылды. Мерекелік шара орталық ипподромда бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ұлттық спорт түрлерімен жалғасты.

Айта кетейік, аталған ауданнан майданға 6 мыңдай азамат аттанса, олардың  83 пайызға жуығы майдан даласында қаза тапты. Бүгінгі таңда көзі тірі  6 соғыс ардагері бейбіт заманда өмір сүріп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар