Созақта өткен ақындар айтысының жеңімпазына 1 млн теңге берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында республикалық ақындар айтысы өтті. «Сырлы Созақ» атты жыр додасында сегіз арқалы ақын қара сөзді қастерлеп, айтысты сағына күткен оңтүстіктерді торқалы тоймен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Созақтың  90 жылдығына орай ұйымдастырылған аламан айтыста елімізге  танымал  ақындар елдің тарихын, мәдениеті мен қоғамдағы рөлін, кешегісі мен бүгінін, болашағын жырға қосты.

Айтыс қортындысында  үздік өнер көрсеткен  сөз зергерлері ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Астана қаласынан келген Аруна Керімбекқызы мен қызылордалық Мөлдір Айтбай, бәйдібектік Қажымұқан Абзалов пен Өзбекстан Республикасынан келген Құлмахан Дүйсеновтерге  100 мың  теңгеден ақшалай сыйлық берілді.
null null 

Ал, жүлделі үшінші орын алған Шымкент қаласынан келген Нұрлан Есенқұловқа 200 мың  теңге, 2 орынды иемденген павлодарлық Аспанбек Шұғатаевқа 300 мың теңге тапсырылды.  Ал, 1 орын алған созақтық Қалижан Білдәш 500 мың теңге иеленсе, Түркістан облысының суырып салма ақыны Жарқынбек Наушабеков бас жүлдені қанжығасына байлады. Аудан әкімі Салыхан Полатов жеңімпазға 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйлықты табыс етті.

null 

Соңғы жаңалықтар