+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Созақта мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

2020 жылғы 28 мамыр 22:28
Бөлісіңіз:
Созақта мектеп түлектері 6 балалы анаға баспана сыйлады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Созақ ауданында 2000 жылғы мектеп бітірген түлектер тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан облыстық филиалы.

Ұқсас жаңалықтар

Ауданда мұндай шара дәстүр болып қалыптасқан. Жыл сайын мектеп түлектері туған жерін көркейтуге үлестерін қосып келеді.

Созақ аудандық мәслихатының депутаты Берік Тұрғанбаевтың және Созақ ауылы әкімі Батырхан Аяповтың ұйымдастыруымен Созақ ауылының мектеп бітіргеніне 20 жыл толған 1983 жылғы азаматтардың көмегімен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, жалғыз басты 6 баланың анасы Нұрмағанбетова Баянға жеке тұрғын үй салып берді.

Сондай-ақ, Жуантөбе ауыл округінің 2000 жылғы мектеп бітіруші түлектері 500 метрді құрайтын көшеаралық жол төсеген. Сонымен қатар, ауылдық мешіт алдына тас жол төсеп, жарықтандыру жүйесін жүргізіп берген. Бұдан өзге, олар мешіт жанына 100 адамға лайықталған асхана салып беріп отыр.

Тағы бір қуантатын игі істі «IGI QADAM» ЖШС-і қолға алмақшы. Осы уақытқа дейін де, «IGI QADAM» ЖШС-нің демеушілігімен тұрақты әлеуметтік көмектер көрсетіліп келеді. Еріктілердің бастамасымен ауыл тұрғындарының қолдауымен Жуантөбе ауылында аз қамтылған отбасыны жаңа үймен қуантпақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT