+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Созақта кәсіпкер көпбалалы отбасыға  баспана тарту етті

2020 жылғы 26 ақпан 02:00
Бөлісіңіз:
Созақта кәсіпкер көпбалалы отбасыға  баспана тарту етті

CОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Созақ ауданында кәсіпкер көпбалалы отбасыға баспана тарту етті. Қызылкөл елді мекенінде орналасқан тұрғын үй жарықпен қамтылған, таза ауыз су жүйесі жүргізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық кәсіпкер төтенше жағдай кезеңінде 50 адамның үйіне ыстық тамақ жеткізіп тұрмақ 32 мыңнан аса отбасы жалға берілетін және кредиттік пәтермен қамтамасыз етіледі Биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салынады – Асқар Мамин

Құмкент ауылдық округінің тұғыны Шегебай Медеубайұлы бұған дейін алты баласымен жұпыны үйді паналап келген. Осыны ескерген аудан әкімдігі «Қамқорлық» жобасы аясында демеуші тауып, жанұяның баспаналы болуына қолғабыс етті. Іскер азамат көлемі 120 шаршы метр болатын алты бөлмелі үй алып беріп, мұқтаж жанды қуантты. Кәсіпкер Сарыбаевтар отбасына осылайша демеушілік танытып, қолдау көрсетті.

Айта кету керек, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы филиалының бастамасымен іске асып жатқан «Қамқорлық» акциясы аясында Созақ ауданынан 67 отбасы бекітілген. Олар азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, қажетті көмектер көрсетіліп келеді. Аудан көлемінде тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, тізімдегі отбасыларды үймен қамтамасыз ету алдағы уақытта да жалғасын табады.

Айнұр Ақбаева

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT