Созақта аязды күні жолда қалған жүргізушілер құтқарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында боранда жолда қалған жүргізушілер құтқарылды. Созақ ауданындағы тас жолда түнгі уақытта тоңып отырған жүк көлігінің жүргізушілеріне жергілікті полиция қызметкерлері көмек көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Созақ аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне боранға тап болып, көмек сұраған жүргізушілерден хабарлама келіп түседі. Тәртіп сақшылары тез арада жүргізушілердің тұрған жерін анықтап, оқиға орнына аттанған. Учаскелік инспектор, полиция аға лейтенанты Марат Тұқышев арада 20 минут өткенде ғана Жартытөбе елдімекенінде жолда тұрған көлікті байқайды. Жүргізушілер боранның әсері мен көктайғақтан өз күшімен асудан аса алмай қалған.

Учаскелік инспектор жүргізушілерге көмек көрсетіп, жақын маңдағы жылыту бекеттерінің біріне жеткізеді. Сөйтіп жүк көлігін қар құрсауынан шығаруға көмектескен. Құтқарылған жүргізушілер - Түркістан облысының тұрғындары Айдос Асанбай мен Жанболат Құрабай болып шықты. Олар дер кезінде қол ұшын созған учаскелік инспектор мен Созақ АПБ қызметкерлеріне алғыстарын айтып, сапарын әрі қарай жалғастырды.

Сондай-ақ, аудандық ПБ басшылығы да учаскелік полицей Марат Тұқышевке бораннан адамдарды құтқару кезінде батылдық пен кәсіби біліктілік көрсеткені үшін алғыс айтты.nullnull

Соңғы жаңалықтар