+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Созақта 100 жасаған кейуана жаңадан жеке куәлік алды

2021 жылғы 20 ақпан 12:02
Бөлісіңіз:
Созақта 100 жасаған кейуана жаңадан жеке куәлік алды

ШОЛАҚҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ғасыр жасаған кейуана жеке куәлік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Созақта полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады.

Осы мақсатта Созақ АПБ қызметкерлерінен құрылған мобильді топ халық арасында сұрастырып, жеке куәлігінің мерзімі өткен бір ғасыр жасаған әжені анықтады.

Содан кейін ақ жаулықты ананы шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді.

Осылайша Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасауға көмек беріліп, дайын құжаты табысталды.

Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады.

Ол полиция қызметкерлеріне аналық алғысын жаудырды. Жұмысына табыс тілеп, шынайы ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде.

Ең басты мақсат - халыққа қолайлы қызмет ұсыну.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT