Созақ полицейлері мүгедек балаларға велоқұрылғы сыйға тартты

None
None
ШОЛАҚҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ АПБ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталыққа барып қайтты. Тәртіп сақшылары өзара қаражат жинап, орталықтың балаларына денсаулыққа қажетті сыйлықтар табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықтағы науқас балаларды келе жатқан ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаған полицейлер оларға аяқ пен қолға массаж жасайтын құрал мен велоқұрылғы, сондай-ақ тағы да басқа сыйлықтарды тарту етті. Балаларға мықты денсаулық пен мол қуаныш тілеген сақшылар алдағы уақытта да осындай игі бастамалар жалғасын табатынын ерекше айтып өтті. Себебі, Наурыз - жаңару мен достықтың, бейбітшілік пен еңбектің мерекесі. Бұл күндері ізгі тілектер айтып қана қоймай, мұқтаж жандарға көмек қолын созудың маңызы зор.

Өз кезегінде орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілер, олардың ата-аналары Созақ АПБ полицейлеріне уақыттарының тығыздығына қарамастан арнайы көңіл бөліп, сыйлық алып келгені үшін алғыс айтты.

null

Соңғы жаңалықтар