+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді

2020 жылғы 15 наурыз 06:00
Бөлісіңіз:
Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Созақ ауданында түйе шаруашылығын дамыту ісі жанданып келеді.

Ұқсас жаңалықтар
Дүниежүзілік банк Қазақстанға мал шаруашылығын дамытуға $500 млн беруге шешім қабылдады Қарағандыда ферма жылқы алуға берілген 26 млн теңгені басқа нәрсеге жұмсаған

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай ауданда түйе сүтін көптеп өндіріп, тиімді бағада саудалау үшін түйешілермен арнайы семинарлар өткізіліп тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда биылғы жылдың өзінде өңірдегі сүтті бағыттағы түйе санын 1600 басқа арттыру көзделіп отыр. Бүгінде аудан әкімі С.Полатовтың бастамасымен ірілі-ұсақты түйе бағатын қожалықтарды біріктіру мен асыл тұқымды сүтті мол көлемде беретін түйелерді сатып алу, сүт қабылдау бекеттерін ұйымдастыру мәселелері қарастырылуда. Төрт ауылдық округте сүт қабылдау бекеттері орналастырылған болса, соның бірі «Бағдат» шаруа қожалығының қорасында тұр. Аталған қожалықта бүгінде 505 бас түйе бар болса, оның 276-сы аналық бас саналады. 4 мың гектар жайылымы бар қожалық биыл сауынды түйе санын 50-ге жеткізіп, тәулігіне 150 литр сүт өндірсек деп отыр.

«Жуырда бізге Түркістан қаласындағы түйе сүтін терең өңдейтін зауыттан өкілдер арнайы келіп, 1 тонналық сүт қабылдау қондырғысын орнатып кетті. Онда өзінің салқындатқышы, қозғап тұратын тетігі бар. Зауыт өкілдері бір литр түйе сүтін 1000 теңгеден сатып аламыз деп отыр. Енді бірер айда бізде 20-30 түйе сауыла бастаса, аптасына шамамен 300 литр түйе сүтін өндіре аламыз. Бұдан бөлек, көрші шаруа қожалықтарының да сүттерін қабылдап, шамамен аптасына 1 тонна сүтті зауытқа өткізе аламыз деп болжап отырмыз», – дейді «Бағдат» шаруа қожалығының жетекшісі Патима Нышанбаева.

Жалпы, қазірдің өзінде аудандағы түйе саны 11 мыңнан асып отыр. Ендігі міндет-аналық басты түйе санын 1600-ге арттырып, сүт көлемін 4 мың тоннаға жеткізу жоспары тұр.

«Бұл жоспарды орындау үшін өңірде арнайы бағдарлама түзіліп, Түркістан қаласындағы «Colden Camal» зауытымен бірлесіп жұмыс істеу көзделіп отыр. Осының негізінде ауданда 4 қожалықтың қорасына 1 тонналық сүт қабылдау бекеттері орналастырылды», – дейді Созақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Утанғазиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT