Сөз мергендері көз мергендігімен сайысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде орналасқан демалыс кешендерінің бірінде БАҚ өкілдері арасында садақ атудан жарыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараның басты мақсаты - жұртшылыққа БАҚ өкілдері арқылы ұлттық спорт түрін насихаттау.

Жарысқа Нұр-Сұлтандағы республикалық телеарна, радио және әр түрлі сайтта қызмет атқаратын тілшілер, сондай-ақ, мерзімді басылымдарда, әлеуметтік желілерде ұлттық спорт тақырыбында жиі қалам тербейтін журналистер қатысты.
null

Әуелі жарыс басталмас бұрын ұйымдастырушы БАҚ өкілдеріне садақ атудың қыр-сырын үйретті. Себебі, қатысушылар арасында садақты қолына бірінші рет ұстап тұрғандар да болды.
null

Жарысқа қатысуға жалпы 18 журналист өтініш беріп, жеребе арқылы қатысушылар топтарға бөлініп, өзара сайысқа түсті. Нысанаға тигізу бойынша ең жоғарғы ұпай жинаған қатысушы олимипадалық жүйе бойынша келесі айналымға өтіп отырды.
null

Аса тартысты өткен бәсекеде «Хабар 24» арнасының тілшісі Талғат Әбдіқожаев бас жүлдені жеңіп алса, «baq.kz тілшісі Ержан Жаубай екінші орынға ие болды. Үздік үштікті «Хабар» арнасының тілшісі Сәкен Сейтхан түйіндеді
null

Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға дастархан жайып, наурыз көже берді.

null

Соңғы жаңалықтар