«Союз ТМА-16М» ғарыш кемесі тіркелген зымыран-тасығыш Байқоңырдың «Гагарин стартына» орнатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союз ТМА-16М» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» зымыран-тасығыш Байқоңырдың «Гагарин стартына» орнатылды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлайды.

Таңертең кеме тиелген зымыран тасығыш монтаждау-сынау корпусынан шығарылды. Бұған дейін ғарышкерлерді апатты құтқару жүйесінің құрастырылуы, одан кейін «Союз ТМА-16М» кемесімен жапсарластыру өткізілді.

Ұшыру 27 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:42-ге белгіленген.

Стансада жаңа экипажды Терри Вертс (NASA), Антон Шкаплеров (Роскосмос) және Саманта Кристофоретти (ESА) қарсы алады.

Соңғы жаңалықтар