«Союз МС-23» ұшқышсыз ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті

None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған «Союз МС-23» ғарыш кемесі екі тәуліктен кейін Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ХҒС ресейлік сегментінің «Іздеу» модулімен бүгін таңертең автоматты режимде түйісті.

«Союз МС-23» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ғарышкерлерсіз барды.

Орбитада ғарыш вахтасында жүрген ресейлік ғарышкерлер Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және Анна Кикина «Союз МС-23»жаңа кемесін қабылдауға дайындалуда.

ХҒС-68 экипажының ұшу бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап орбитада жұмыс істейтін Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және америкалық астронавт Франциско Рубио зақымдалған «Союз МС-22»кемесінің орнына келген осы кемемен жерге оралады.

2022 жылдың қазан айында Grew Dragon кемесімен ХҒС-қа ұшқан ғарышкер Анна Кикина осы жылдың наурыз айында Роскосмос пен NASA бағдарламасына сәйкес америкалық әріптестерімен бірге оралады.


Соңғы жаңалықтар