«Союз МС-13» кемесін ұшыру сәті тікелей эфирде көрсетіледі

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Байқоңыр ғарыш айлағынан «СОЮЗ МС-13» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті экспедицияға аттануына 12 сағаттан аз уақыт қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жақында Мемлекеттік комиссия Байқоңырда «СОЮЗ МС-13» кемесімен ұшатын экипаж құрамын бекітті. Негізгі экипаж құрамында ғарышкер Александр Скворцов (командир), астронавтар Лука Пармитано (борт инженері) және Эндрю Морган (борт инженері-2) бар. Олардың дублерлері – ғарышкер Сергей Рыжиков, астронавтар Томас Маршбёрн және Соичи Ногучи.

Ұшуға 6 сағат уақыт қалғанда қос экипаж екі автобуспен ғарыш айлағына аттанады. Онда негізгі экипаж скафандрды кию рәсімінен өтіп, туыс-жақындарымен қоштасып, кемеге отырады.


ХҒС-ның ұшу бағдарламасына сәйкес, «СОЮЗ МС-13» басқару кемесінің ғарыш айлағының Гагарин алаңынан ұшу уақыты 2019 жылдың 20 шілде күінен, Мәскеу уақытымен сағат 19:28-ге немесе Нұр-Сұлтан уақытымен 22:28-ге және жергілікті Байқоңыр уақытымен 21:28-ге жоспарланған.


«СОЮЗ МС-13» кемесінің Байқоңыр алаңынан аттану сәтінің көрсетілімі ұшуға бір сағат қалғанда басталады. Ұшуға дайындық барысын көрсететін тікелей эфирді және ұшу сәтін Роскосмостың сайтынан және Ресейдің ғарыш ведомстволарының әлеуметтік желілерінен тамашалауға болады.


Автор: Сара Қабиқызы



Соңғы жаңалықтар