«Союз МС-13» кемесі халықаралық ғарыш стансасына ұшып жетті

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – ТАСС – «Союз МС-13» кемесі жексенбі күні Халықаралық ғарыш стансасының бортына келіп жетті. Экипаж қатарында Роскосмос ғарышкері Александр Скворцов, сондай-ақ Эндрю Морган (NASA) және Лука Пармитано (Еуропалық ғарыш агенттігі) бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

ХҒС бортында жаңа экипажды ресейлік Алексей Овчинин, америкалық Кристина Кук пен Ник Хейг қарсы алды.

«Союз-ФГ» зымырантасығышы Байқоңырдың бірінші старт алаңынан сенбі күні ұшырылған болатын.

Ғарыш кемесі стансаға алты сағатта ұшып жетті де, автоматты режимде түйісті.

Айта кетейік, МКС-60/61 экспедициясы кезінде ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасы аясында 50 эксперимент жасалады деп күтілуде. Оның бесеуі автоматты режимде, экипаждың қатысуынсыз жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар