Соттың біраз өкілеттіліктері сот орындаушыларына беріледі - Марат Бекетаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің қарауында сот орындаушыларына қатысты заң жобасы жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, аталған құжат сот орындаушыларының қызметін жетілдіруді көздейді. 1Атап айтқанда, сот орындаушыларының қызметіне санкция салуды қысқарту туралы ұсыныс бар. Былайша айтқанда, аталған институтты дамыту шаралары жалғаса береді. Сот орындаушыларын жауапкершілікке тарту тетіктері де қалады. Бірақ өкілеттіліктердің біраз бөлігі соттан сот орындаушыларына беріледі1, - деді М.Бекетаев xалық алдында есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, орындау құжаттарын соттардан бірден аймақтық палаталарға жолдау тетігі де бар. Соның арқасында қағазбасты жұмыстан құтылып, уақытты үнемдеуге болады.

Қазір аталған жұмыстың бәрі әділет департаменттері арқылы жүргізіледі. «Ал орындау құжаттары бірден аймақтық палаталарға жолданса, біраз уақытты үнемдеп отыруға мүмкіндік бар. Бүгінде әділет департаменттері арқылы орындау құжаттарын өткізуге бірнеше күн кетеді», - деп атап көрсетті М.Бекетаев.

Соңғы жаңалықтар