Соттардың әрекеттеріне баға беруде асыра сілтеу кездеседі – сот жюриі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жоғарғы соттың судьясы Ақылтай Қасымов сот жюрилерінің жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдың 7 айының ішінде 2018 жылмен салыстығанда 30 іс артық қаралған. Сол себепті, әрбір үшінші тәртіптік өндіріс әртүрлі негіздер бойынша тоқтатылды», - деді Ақылтай Қасымов 2019 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық соттардың кеңейтілген отырысында.

Ол сондай-ақ кейбір істердің тоқтатылуына қатысты пікірін білдірді.

«Заңды негізі болмаса да облыстық соттардың сот жюрилеріне материалдарды жолдау жағдайлары бар. Ал негізінен Конституциялық заңдарда тәртіптік жауапкершіліктің тізімі қамтылған», - дейді судья.

Оның айтуынша, облыстық соттардың жалпы отырысында судьялардың жауапкершілігін уақтылы қарамау, сот жюрилеріне материалдарды жолдау мерзімін созу жағдайлары кездеседі. Ақылтай Қасымов бұл жағдайлар облыстық соттардың төрағалары тарапынан міндеттемелердің дұрыс орындалмай жатқанын көрсететінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Жоғарғы соттың судьясы кейбір істерге бұрыс құқықтық сипаттама берілетінін де айтады.

«Облыстық соттардың төрағалары өзінен төмен тұрған соттардың әрекеттеріне құқықтық баға беруде асыра сілтеп жіберетін болды. Жай сөзбен айтқанда, аппеляция кассациясы осы іске мән беріп, заң талаптарын екінші орынға ысырды. Республика бойынша осы бағытта 471 қаулы шыққан. Бұлай кете берсек, бізде өрескел бұзушылығы жоқ судья қалмай қалады», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар