Соттан қашып жүрген Грузия азаматы Атырауда ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-әрекет басқармасының қызметкерлері 3 қарашада 35 жастағы Грузия азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ер адамды Грузия полициясы 2012 жылдың желтоқсан айынан бері алаяқтық жасағаны үшін іздестіріп келген. Оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. 2017 жылдың мамыр айында Тбилиси соты оны 7 жылға сырттай бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта шетелдік азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны Грузияға экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар