+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Сотталушының туыстары телефон мен есірткіні түрмеге қалай кіргізбек болды

2019 жылғы 18 қыркүйек 22:38
Бөлісіңіз:
Сотталушының туыстары телефон мен есірткіні түрмеге қалай кіргізбек болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінің тексеріп-қарау бөлмесінде түрмеге ұялы телефон мен есірткі алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда қамаудағы азаматтарды қоғамға бейімдейтін бағдарлама енгізілмек Қызылордада кәмелетке толмаған балалар тергеу изоляторын аралады Жазасын өтеп шыққандардың қылмысқа қайта баруы азайды

«Бауырына «көмек» көрсетпек болған Шымкент қаласы тұрғынының өзі де қылмыстық істің фигурантына айналуы мүмкін. Мекеме қызметкерлері оны тексеріп, қарау барысында ұялы құрылғы, құлаққап, флеш пен SIM-карта, сонымен қатар өзіндік исі бар жасыл түсті белгісіз зат оралған қағаз түйіншегін тауып алды. Ер адам оларды аяқ киімінің ішіне тығып өтпек болған», - дейді Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Теңізжан Жәнібеков.

Оның айтуынша, ішінде беймәлім заты бар қағаз түйіншек сараптамаға жіберілген. Сараптама тәркіленген заттың салмағы 3 граммнан асатын кептірілген марихуана екенін көрсетті.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан келесі оқиға Қарағанды облысындағы мекемеде тіркелген. Мекемеге келген сәлемдемелерді тексеру барысында олардың бірінен шамамен 4 грамм есірткі табылған. Есірткі «Colgate» тіс пастасының құтысына жасырылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT