+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Сотталушыларға 8 келі есірткі, 40 литр ішімдік өткізбек болған

2020 жылғы 19 қазан 14:12
Бөлісіңіз:
Сотталушыларға 8 келі есірткі, 40 литр ішімдік өткізбек болған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдан басынан бері еліміздің түрмелеріндегі сотталушыларға 8 келі есірткі мен 40 литр спирттік ішімдік жеткізбек болғандардың жолы кесілді. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әдетте колонияға тыйым салынған заттарды жеткізудің жолдары әрқилы. Олар - қоршау арқылы лақтырып кету, азық-түлік сәлемдемесі мен бандерол арқылы немесе ұзақ мерзімді кездесу ұйымдастыру барысында туыстары арқылы өткізуге тырысу. Жыл басынан мекеме аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге тырысудың 400-ден астам оқиғасының жолын кестік. Шамамен 600 ұялы телефон, 8 келіге жуық есірткі және 40 литрден астам спирттік ішімдік тәркіленді», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, ҚР Ұлттық гвардиясымен бірге тексеру тобы күшейтілді. Ұлттық гвардия және полиция департаменті бөлімшелерімен бірге мекеме аумағын шолғындау ұйымдастырылып, қарауыл мұнараларына бақылау күшейтілді. Сонымен қатар инженерлік-техникалық құралдар да жетілдіріліп жатыр.

«Өкінішке орай, осынау теріс жайтқа қызметкерлеріміздің де қатысы бар бірен-саран оқиға орын алғанын мойындауымыз керек. Жылдың басынан бері өзіндік қауіпсіздік бөлімшеміз мұндай 8 қызметкерді ұстады. Олардың барлығы теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылды», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT