+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Сотталушы Жаманқұлов пен Жәнібековтің туыстарының қысым жасағанын мәлімдеді

2017 жылғы 8 сәуір 06:22
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласының № 2 Медеу аудандық сотында Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сотталушылардан жауап алу жалғасып жатыр.

«Феникс» кинофильмінің продюсері Тұңғышбай Жаманқұловтың, сондай-ақ режиссері Талғат Жәнібековтің туыстары кинокартинаның атқарушы продюсері Наталья Юдинаның бірнеше рет ар-намысын қорлап, қоқан-лоқы жасаған. Бұл туралы соттың кезекті отырысында мәлім болды.

«Құрметті сот, Сізден Жаманқұлов пен Жәнібековтің туыстарына ескерту жасауыңызды сұраймын. Олар маған үнемі қысым көрсетуде»,- деген өтініш жасады Наталья Юдина сотта. Оның айтуынша, Талғат Жәнібековтің анасы оған таяқ ала жүгірген, ал Жаманқұловтың апасы оның кінәсін мойындап, түсінік бергені үшін шашын жұлатынын айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Айта кетерлігі, жуырдағы сот отырысында Наталья Юдина «Феникс» кинофильмін түсіру барысында бюджет қаражатының қалай ұрланғанын әңгімелеп берген болатын. «Мен толығымен өз кінәмді мойындаймын. Алдын-ала дайындық кезеңінде біз атқарылған жұмсытардың есеп-шотын ұсынған едік. Онда 12 млн. теңгеден астам сомаға атқарылған жұмыстар көрсетілген болатын. Осының негізінде біз алдын-ала дайындық кезеңіндегі жұмыстардың аяқталғаны туралы құжатқа қол қойдық. Сөйтіп, іске кірістік. Түсірілім біткен соң, біз сондай-ақ, 15 млн. теңгеге есеп-шот ұсындық. Одан әріде біз дайындық кезеңіне көшуді ойластырдық. Сонымен қатар, фильмнің жарнамалық ролигіне бірқатар түсірілім жасадық»,- деп әңгімеледі Наталья Юдина.

Ол соттағы сөзінде түсірілім тобының кейбір мүшелеріне қосымша төлемақы төленгені туралы егжей-тегжейлі айтып берді. «Тұңғышбай Жаманқұловтың тікелей нұсқауымен фильмнің режиссері Талғат Жәнібеков пен фильмнің редакторы Ғизат Сұлтановқа қосымша төлемақы төленді. Бұл ақша аталған жобада бұрын жұмыс істемеген қызметкерлердің есебінен бөлінді. Дәлірек айтсам, ол Раушан Махно. Ол актерлердің жұмысы бойынша режиссердің ассистенті қызметіне тіркелген болатын. Оның шотына 575 940 теңге аударылды. Екінші адам - кинокартинаның қоюшы-суретшісі Ахметжанов. Оған да осы сомадан - 799 995 теңге жалақы төленді. Үшінші адам - Бижан Әбішев. Ол екінші режиссер болып жұмыс істеді. Бірақ ол басында 424 226 теңгені қайтарып берді. Соның ішінде 216 996 теңгені мен қосымша төлемақы ретінде Талғат Жәнібековке бердім. Бұған қоса, кинофильмнің редакторы болған Ғизат Сұлтановқа да осындай қосымша төлемақы төленді. Атап айтқанда, оған 2014 жылдың мамыр айынан бастап 2015 жылдың наурыз айына дейін жалақы алып тұрды»,- деп сөзін жалғады Наталья Юдина.

Оның айтуынша, Тұңғышбай Жаманқұловтың тікелей нұсқауымен Ғизат Сұлтановтың жұбайымен де еңбек келісім-шарты жасалған. Онымен қоймай, Ғ.Сұлтановқа Бижан Әбішевтің есебінен 207 100 теңге еңбекақы төленіп отырған.

Айтпақшы, соттың кешегі отырысында түсінік берген Наталья Юдина 2 млн. теңгені қайтарған соң, толықтай өз кінәсін мойындағаны мәлім. «2014 жылдың маусымында Т. Жаманқұлов маған «Феникс» кинофильмінің өндірісіне бөлінген қаражаттың 6 млн. теңгесін қолма-қол ақшаға айналдырып, өзіне жеткізуге нұсқау берді. Мен ол нұсқауды орындап, 5,3 млн. теңгені қолма-қол ақшаға айналдырдым»,- деді сотталушы Наталья Юдина.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Сот, Тұңғышбай Жаманқұлов,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT