Сотталушы түрмеде бизнес ашып, 340 адамды жұмыспен қамтыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Жанат Ешмағамбетов сотталушыларды жұмыспен қамту жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таяуда Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге Алматы облысындағы бірнеше мекемеге, оның ішінде Заречный елді мекеніндегі мекемеге бардық. Соталушылардың бірі табысты бизнесін құрып, шамамен 340 адамды жұмысқа орналастырған етті қайта өңдеу цехында болдық. Өнімдерін қаладағы және облыстағы сауда нүктелерінде сатады. Олар табысты жұмыспен қамтылған, салықтарын төлейді. Мұндай мысалдар көп. Шығыс Қазақстан облысында ағаш өңдеу қарқынды дамуда. Тіпті сотталушылардың бірі музыкалық аспаптар шығаратын өндірісін ашып алған. Қарағанды облысында типографииялық, полиграфиялық өнімдер шығаруға, металл өңдеуге қатысты сәтті мысалдар жеткілікті. Кәсіпкерлік дағдыларын ескере отырып, сотталушылар мекеме аумағында түрлі бизнес ашып, жеке кәсіпкерлік пен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркейді», - деді комитет төрағасы Ішкі істер министрлігі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, жалақы еліміздің еңбек заңнамасына сәйкес төленеді. Жұмыс берушімен жұмысшы арасында еңбек келісімшарты жасалады.

«Жалақы орташа еңбекақының төменгі көлемінен төмен болмауын ғана талап етеміз. Әдетте ол дайындалған өнімнің сапасы мен көлеміне байланысты. Аударымдарға қатысты айтар болсам, сотталушылардың көпшілігіне сот талабы бар. Соған орай олардың жалқысының 50 пайызына дейінгі мөлшері берешектерін жабу үшін ұсталынады. Қалған бөлігін қалауынша жұмсайды немесе бостандыққа шығатын кезіне сақтап қоя алады», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар