Сотталмағандық туралы анықтаманы терминал арқылы алуға болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында қазақстандықтар «Касса 24» терминалдары арқылы мемлекеттік қызмет ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, ел тұрғындары үшін «Касса 24» терминалдары арқылы 5 танымал мемлекеттік қызмет қолжетімді болады: мекенжай анықтамасы, мүлік туралы анықтама, сотталған-сотталмағаны туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтама және жеке тұлғаның өзге заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама.

«Қолданушы бір реттік құпиясөз арқылы анықтама алуды растайды. Ол үшін азамат Мобильді азаматтар базасына тіркелуі тиіс. Яғни, цифрлы-электронды қолтаңба аларда тұрғын eGov.kz порталындағы жеке кабинетіне ұялы телефонының нөмірін тіркеуі тиіс. Бұл нөмір мобильді азаматтар базасына түседі», - деп түсіндірді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Ол пилоттық жобаның осы аптада DigitalBridge халықаралық форумында таныстырылғанын еске салды.

Сонымен бірге, Ә. Тұрысов «Касса 24» терминалдары арқылы анықтамаларды басып шығару мүмкіндігі қарастырылып жатқанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар