+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Сотталғанды өлтірген: Өскеменде түрменің 6 қызметкері бостандығынан айырылды

2021 жылғы 14 қазан 12:54
Бөлісіңіз:
Сотталғанды өлтірген: Өскеменде түрменің 6 қызметкері бостандығынан айырылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында түрме қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматты азаптап өлтіріп, қылмысты жасыру үшін оны суицид жасағандай көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда қойма меңгерушісі мекемеден 2,3 млн теңгенің киімін ұрлаған Жамбыл облысында жаппай төбелестен 2 адам көз жұмды, біреуі – ауруханада Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

Өскемен қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 6 қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 146-бабы 3-бөлігіне (сотталған адамды азаптап, абайсызда өлтіру) сәйкес іс қаралды. Сондай-ақ бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану арқылы пара алған А. есімді азамат сотталды.

«2019 жылдың 18 маусымында ОВ-156/2 мекемесінің қызметкерлері алдын ала сөз байласып, жәбірленуші К.-ны ұрып-соққан. Ауыр дәрежедегі дене жарақатын алған ер адам сол жерде көз жұмды. Өз қылмыстарын жасыру үшін олар тағы екі сотталғанды мәжбүрлеп, мәйітті тәртіптік изолятор камерасына жеткізді. Полиция қызметкерлеріне К-ның өз-өзіне қол жұмсағандығын айтқан», - делінген ақпаратта.

Ал А. есімді түрме қызметкерінің 2018 жылдың 14 маусымында сотталған адамның анасынан пара ретінде автокөліктің 76 000 теңгелік жазғы шиналарын алғаны анықталды. Сондай-ақ ол сотталғанды өз туысының үйінде баспалдақ жасауға мәжбүрлеген.

«Сот үкімімен сотталғанды өлтірген түрменің 6 қызметкері 5, 7 және 8 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Ал пара алған айыпталушы 7 жыл мерзімге темір торға қамауға алынды. Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында жұмыс істеу құқығын 3 жылға жоғалтты», - делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT