Сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешімді қабылдау процесі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрлігі сотталғандарға рақымшылық жасау туралы шешім қалай қабылданатыны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрліктің ҚазАқпарат сауалына берген жауабына сүйенсек, соңғы рет рақымшылық жасау туралы Заң 2016 жылдың 13 желтоқсанында, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қабылданған.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 78 -бабының 1 және 2-бөлімдеріне сәйкес, рақымшылық жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Парламенті жеке анықталмаған адамдар тобына қатысты шығарады», - деп жазылған ведомство жауабында.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 476-бабының 15-тармақшасы бойынша сот рақымшылық жасау туралы үкім-актіні орындауға байланысты мәселелерді қарайды. Соның негізінде қылмыстық теріс қылық, онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адамдар қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

«Рақымшылық шараларына жазадан босату, мерзімді қысқарту, жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру немесе жазаның қосымша түрінен босату кіреді», - дейді министрлік мамандары.


Соңғы жаңалықтар